...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бірнеше автобус бағыты уақытша өзгереді: 27 мамырдан бастап

27 мамырдан бастап Алматы мен қала маңындағы елді мекендерде бірқатар автобус бағыттарының схемасы уақытша өзгереді. Түзетулер жол жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық көлік холдингінің мәліметінше, Қарасай ауданындағы Көксай кентінде Қожабеков көшесінің бір шақырымдық учаскесінде жөндеу жүргізіліп жатыр. Жұмыстар аяқталғанша №109 және №115 бағыттары өзгереді. №109 батыс бағытта Оңғарсынов көшесімен, Алғабас трассасымен және Орталық көшемен №184 мектеп аялдамасына дейін жүреді. Кері бағытта да сол маршрут сақталады. №115 солтүстік бағытта Оңғарсынов көшесімен Наурыз көшесі аялдамасына дейін барады, содан кейін бұрынғы жолмен қайтады.

27 мамырдан бастап №248 бағыты да өзгереді. Алматы-Бішкек трассасымен жүргенде автобустар Қасымбек ауылына қарай солтүстікке бұрылып, елді мекенді айналып өтіп, Шолаққарғалы ауылындағы соңғы аялдамаға дейін жүреді.

Сондай-ақ №124 бағытына уақытша өзгерістер енгізіледі. Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратынша, Алматы-1 — Шамалған станциясы — Ұзынғаш (Сорбұлақ тракті) автомобиль жолында күрделі жөндеу жалғасуда. Осыған байланысты 27 мамырдан бастап жұмыстар аяқталғанша №124 солтүстік бағытта Бурундай тас жолымен Әубәкіров көшесіндегі соңғы аялдамаға дейін жүреді. Кері бағытта Әубәкіров аялдамасынан Бурундай тас жолымен негізгі маршрутқа шығады.

Қала тұрғындары мен қала маңындағыларды сапарларын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді ескеруге шақырады.

Сондай-ақ Наурызбай ауданындағы Строительная көшесінің учаскесінде қозғалыс әлі де шектелген. Шектеулер құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты 10 маусымға дейін жалғасады. Жақында Алматыда №145 жаңа автобус бағыты іске қосылды.

Дереккөз: Inform.kz