...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жол жөндеуге байланысты көше екі түнге жабылады

Алматыда Ушкемпіров көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жүргізу үшін қозғалыс екі түнге шектеледі. Жол жұмыстары 26-27 мамыр және 28-29 мамыр аралығында түнгі уақытта жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы жолы» мекемесінің мәліметінше, 26 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 06:00-ге дейін Ушкемпіров көшесінің Әл-Фараби даңғылынан 5-ші көшеге дейінгі аралығы жабылады. Дәл осы учаскеде 28 мамыр сағат 23:00-ден 29 мамыр сағат 06:00-ге дейін де қозғалыс шектеледі.

Жөндеу жүріп жатқан учаскелерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер орнатылады. Жүргізушілерді маршрутын алдын ала жоспарлауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

Алматылықтарға қозғалыс шектеулері туралы толық ақпаратты «Алматы жолы» Telegram-арнасынан, әкімдіктің әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ 2GIS және Яндекс Карта қызметтерінен көруге болады.

Дереккөз: Nur.kz