...
... Алматы
USD
EUR
RUB

27-29 мамырда Астана, Алматы және Шымкентте нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі

27-29 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қолайсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер және найзағай күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 82 жылдық температура рекорды жаңартылғанын мәлімдеген еді.

Астана қаласына арналған ауа райы болжамы:

27 мамыр: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +30+32°С.

28 мамыр: айнымалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +21+23°С.

29 мамыр: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +28+30°С.

Алматы қаласына арналған ауа райы болжамы:

27 мамыр: айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай, кешке қарай кей уақытта қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +25+27°С.

28 мамыр: айнымалы бұлттылық, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, кей уақытта екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.

29 мамыр: айнымалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8, кей уақытта екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

Шымкент қаласына арналған ауа райы болжамы:

27 мамыр: айнымалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай, құйын, түнде және таңертең қатты жаңбыр, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, кей уақытта 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.

28 мамыр: айнымалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +26+28°С.

29 мамыр: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +30+32°С.

Дереккөз: Zakon.kz