...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы маңындағы жол екі айға жабылады: 28 мамырдан бастап

Алматы мен Алматы облысында Көжабеков көшесінің қала шекарасынан Қарасай ауданындағы Көксай елді мекенінің Жаңа ғасыр көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөнделетін учаскенің ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жұмыстар 2026 жылғы 28 мамырда басталып, шамамен екі айға созылады. Жөндеу кезең-кезеңімен жүргізіліп, асфальтбетон жабынын төсеу кезінде қозғалыс уақытша жабылады. Жол инфрақұрылымын жақсарту және көлік қатынасының сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты жүргізушілер мен тұрғындарды маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеріп, жол белгілеріне қарауға шақырады.

Дереккөз: Inalmaty.kz