
Қазақстандық танымал файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар поп-ММА жұлдызы Артем Тарасовпен кездеседі. Жекпе-жек Алматыда өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тоқтар IBA Nomad 15 турнирі аясында октагонға шығады. Қарсыласы Артем Тарасов Instagram-да бұл жекпе-жекке келісімшартқа қол қойған видео жариялады.
Екеуі де көрерменге шынайы шоу сыйлауға дайын, — делінген турнир сипаттамасында.
Жекпе-жек 4 шілдеде Алматыда өтеді. Артем Тарасов Еркебұланға: «Кездескенше, кімнің күшті екенін білеміз», — деп үндеу тастады.
Дереккөз: Nur.kz