
Алматыда ұл балаларды адам папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы егу шамамен 2027-2028 жылдары басталуы мүмкін. Қазір бұл мәселе әлі талқыланып жатыр, бірақ нақты мерзімдер айтылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Райхан Болатбекова РСК-дағы баспасөз мәслихатында ұл балаларды вакцинациялау мәселесі әлі талқыланып жатқанын, алайда шамамен 2027-2028 жылдары олар ВПЧ-ға қарсы егу бағдарламасына енгізілетінін айтты.
«Өздеріңіз білесіздер, адам папиллома вирусына қарсы вакцинация бағдарламасын бастаған және бүгінде табысты жүргізіп отырған барлық елдер алдымен қыз балаларды егіп, кейін ұл балаларды қосты. Сондықтан біз де табысты вакцинация бағдарламасы бар елдердің үлгісімен жүріп жатырмыз. Біріншіден, ұл балаларды вакцинацияға қосу оларды қатерлі ісіктің кейбір түрлерінен қорғайды. ВПЧ тек жатыр мойны обырымен ғана емес, сонымен қатар әйелдер мен ерлердегі сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісігімен және ауыз қуысының обырымен де байланысты. Екіншіден, ұл балаларды егу қыз балаларды да жатыр мойны обырынан қорғайды. Үкіметте бұл мәселе қарастырылып жатыр, бірақ нақты мерзімдер жоқ. Біз 2027-2028 жылдары іске асады деп үміттенеміз», — деді Болатбекова.
Дереккөз: Nur.kz