
Алматыда 23 мамырдан бастап үш көшеде біржақты қозғалыс енгізілді. Өзгерістер Уәлиханов, Жуков және Манаев көшелеріне қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 23 мамырдан бастап Уәлиханов көшесінің Қабанбай батырдан Қазыбек биге дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта, Жуков көшесінде оңтүстік бағытта және Манаев көшесінде солтүстік бағытта Затаевичтен Ахмедьяровқа дейінгі аралықта біржақты қозғалыс іске қосылды.
Өзгерістер қазіргі көлік жағдайын талдау және осы аудан тұрғындарының өтініштерін ескере отырып қабылданды.
Бұған қоса, 23 мамыр күні сағат 20:00-ден 23:30-ға дейін Төле би көшесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Бұл алғашқы түнгі веложарысқа байланысты.
Дереккөз: Zakon.kz