
24-26 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады: кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтілсе, енді бір қалаларда ашық аспан сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астана: 24 мамырда айнымалы бұлттылық, түнде жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Түнде желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С. 25 мамырда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 7-12 метр. Температура түнде +11+13°С, күндіз +26+28°С. 26 мамырда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Температура түнде +14+16°С, күндіз +26+28°С.
Алматы: 24 мамырда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +20+22°С. 25 мамырда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Температура түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С. 26 мамырда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Температура түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.
Шымкент: 24 мамырда айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С. 25 мамырда айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел секундына 8-13 метр. Температура түнде +14+16°С, күндіз +24+26°С. 26 мамырда айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Температура түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.
Дереккөз: Zakon.kz