
Алматы қаласының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында алғаш рет мамандандырылған ЛОР-операциялар жасалды. Енді мұндай оталар Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балаларға жоспарлы түрде тұрақты негізде жүргізілетін болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алғашқылардың бірі болып мұрын пердесінің тесігін жабуға арналған реконструктивті ота жасалды. Бұл кезде бір мезгілде септопластика да жүргізілді. Балаға мұрын пердесінің ақауын жою үшін эндоназальді араласу жасалды. Ақау гормональді мұрын спрейлерін ұзақ қолдану салдарынан пайда болған.
Отаға мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, мұрын қуысында қабықтардың пайда болуы, мезгіл-мезгіл мұрыннан қан кету және мұрынның сыртқы деформациясы көрсеткіш болды.
Операция шамамен екі сағатқа созылып, сәтті өтті. Дәрігерлердің айтуынша, науқас хирургиялық араласуды қанағаттанарлықтай көтерді.
Жаңа бағыттың іске қосылуы елдің түкпір-түкпірінен келген балаларға Орталықта мамандандырылған ЛОР-көмек алуға мүмкіндік береді, бұл оларды басқа медициналық мекемелерден профильді қызмет іздеу қажеттілігінен босатады, — деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: Almaty.tv