
22 мамыр күні Алматыда қатты нөсер жауып, мегаполистің жолдарындағы кептеліс деңгейі 10 баллға жетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Telegram-арналарда қала көшелерінде 10 балдық кептеліс пайда болғаны туралы хабарламалар тарады.
«Жұма, сағат 17:30, классика бойынша 10 балл, үстіне нөсер, шыдаңдар, алматылықтар», — делінген Kris_p_almaty Telegram-арнасының жарияланымында.
Материал жарияланған кезде 2GIS қосымшасында көптеген көшелер қызыл түспен белгіленіп, жолдардың жүктемесі 10 баллды құрады. Картадан кептелістер негізінен көптеген жол-көлік оқиғасынан (жарияланым кезінде 15 ЖКО) туындағаны көрінді. Сондай-ақ жағдайға көшелердің жабылуы, ауа райы және жөндеу жұмыстары әсер етті.
Ауа райы жағдайына қатты нөсер де әсер етті. Almaty Today Telegram-арнасы қаладағы жағдайды көрсететін кадрлар жариялады. Оларда судың қатты ағыны қала арықтарын жиектеріне дейін толтырғаны көрінеді.
Бұған дейін синоптиктер бүгін Алматыда қатты жаңбыр жауатынын ескерткен болатын. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с құрайды.
Дереккөз: Nur.kz