
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай 60 пәтер кілтін және 13 мемлекеттік награданы табыстады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Салтанатты шарада министр сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, наградалардың мемлекет басшысының атынан берілгенін, бұл олардың еңбегі мен ұлттық мәдениетке қосқан үлесінің жоғары бағасы екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының атынан мәдениет және өнер өкілдеріне 60 пәтер кілті табысталды. Пәтер алғандар арасында жетекші театрлар, музыкалық ұжымдар, білім беру мекемелері, кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар, баспа және әдеби сала өкілдері, сондай-ақ мәдениет мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін мамандар бар.
Бір күн бұрын бес адам мемлекет басшысының қолынан тұрғын үй сертификаттарын алған болатын. Ал бүгін Алматыда Аида Балаева президент атынан тағы 55 мәдениет қайраткеріне пәтер кілттерін табыстады. Олардың арасында:
- Қанат Омаров – Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының бас дирижері (16 жылдан астам еңбек өтілі) – екі бөлмелі пәтер;
- Ділшат Аманбаев – Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының драма артисі (22 жылдан астам еңбек өтілі) – екі бөлмелі пәтер;
- Ислам Хамзаев – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі – екі бөлмелі пәтер;
- Ирина Арнаутова – Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының артисі (33 жыл еңбек өтілі) – екі бөлмелі пәтер;
- Артем Селезнев – Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының артисі – екі бөлмелі пәтер;
- Абай Қойшыбаев – Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясы оркестрінің концертмейстері және солисі (19 жылдан астам еңбек өтілі) – екі бөлмелі пәтер;
- Константин Пак – Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының жоғары санатты артисі – екі бөлмелі пәтер;
- Жандос Әлімбетов – жазушы және ақын – екі бөлмелі пәтер;
- Илья Шилкин – М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бірінші санатты артисі – екі бөлмелі пәтер;
- Екатерина Пен – Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының бас режиссері – бір бөлмелі пәтер;
- Шайза Ахметова – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі (55 жылдан астам еңбек өтілі) – екі бөлмелі пәтер;
- Салауат Кәрібаев – «Камерата Қазақстан» классикалық музыка ансамблінің артисі – бір бөлмелі пәтер;
- Қайрат Мәденов – Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының артисі (32 жылдан астам еңбек өтілі) – үш бөлмелі пәтер;
- Бауыржан Жілкібаев – Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының көркемдік жетекшісі (15 жыл еңбек өтілі) – екі бөлмелі пәтер;
- Надежда Гааль – Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу бөлімінің меңгерушісі және оқытушысы (26 жылдан астам еңбек өтілі) – үш бөлмелі пәтер;
- Лейла Алхожаева – Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы (15 жылдан астам еңбек өтілі) – үш бөлмелі пәтер;
- Шолпан Беркімбаева – Орал Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – екі бөлмелі пәтер;
- Баян Байсейітова – «Камерата Қазақстан» классикалық музыка ансамблінің директор орынбасары (16 жыл еңбек өтілі) – үш бөлмелі пәтер;
- Нәдірям Омарова – Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының директор орынбасары (14 жыл еңбек өтілі) – екі бөлмелі пәтер;
- Әлфия Серікқызы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернаты мен колледжінің оқытушысы (21 жыл еңбек өтілі) – екі бөлмелі пәтер.
Сонымен қатар, сала өкілдеріне 13 мемлекеттік награда табысталды.
Дереккөз: Zakon.kz