...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы өнімдері Қытай нарығында: 10 млрд теңгеге экспорттық келісімшарт жасалды

Алматы еліміздің жетекші өнеркәсіптік және өндірістік орталықтарының бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Қазір мегаполисте 80-нен астам ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Олар азық-түліктен бастап, кондитерлік өнімдер, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері және күнделікті сұраныс тауарларына дейінгі кең ассортимент шығарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматылық өндірушілердің өнімі тек Қазақстанның ішкі нарығында ғана емес, шетелде де сұранысқа ие. Өнеркәсіп секторын дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және жергілікті брендтерді ілгерілету қала экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Алматылық өнімнің халықаралық аренада табысты ілгерілеуінің айқын мысалы – қала кәсіпорындарының 2025 жылы Шанхайда өткен 8-ші Халықаралық China International Import Expo көрмесіне қатысуы. «Made in Almaty» брендімен бірыңғай стендте Алматының 10 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды.

Көрме қорытындысы бойынша Қытайға өнім жеткізуге 10 млрд теңгеден астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасалды. Халықаралық серіктестер алматылық компаниялардың өнім сапасына, өндірістік қуаттарына және тауарлардың кең ассортиментіне ерекше қызығушылық танытты.

Халықаралық алаңда Алматыны ұсынған кәсіпорындардың арасында: «Рахат», «FoodMaster», «КазНИИ перерабатывающей и пищевой промышленности», «Азия-Алко», «Алматинский ликеро-водочный завод», «Алматинский виноградный завод», «Алматинский пивзавод», «Алматинский мясокомбинат», «Алматинский молочный комбинат», «Алматинский хлебокомбинат» және «Алматинский комбинат хлебопродуктов» бар.

«Made in Almaty» бренді бүгінде отандық өндірістің сапасы, бәсекеге қабілеттілігі және тұрақты дамуының символына айналып келеді. Алматы кәсіпорындарының халықаралық көрмелерге қатысуы қаланың экспорттық әлеуетін кеңейтуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және қазақстандық өнімді әлемдік нарықтарда ілгерілетуге ықпал етеді.

Дереккөз: Almaty.tv