
Алматыда мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамоталары, сондай-ақ қала әкімі Дархан Сатыбалдының атынан алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Салтанатты шарада Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады. Ол мәдениет пен өнер саласының қоғамның рухани дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы үй-мұражайының жетекшісі Райхан Сахыбековна Имаханбет «Құрмет» орденімен марапатталды. «Алматы әуендерінің» солист-вокалисі Абзал Серғазиевич Арықбаев «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен бірқатар мамандар марапатталды. Сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның атынан Құрмет грамоталарымен марапатталғандар: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы үй-мұражайының ғылыми қызметкері Шара Әбікенқызы Боздақова; Қазақ мемлекеттік циркінің цирк нөмірлерінің жетекшісі Құрманғали Мұқашұлы Досбатыров; «Дәуір» баспасының электромеханикалық цех бастығы Жамал Камалұлы Момишов; «Атамұра» баспасының жетекші редакторы Ирина Федоровна Самойлюк; мәдениет саласының ардагері Гүлнар Құдабаева; «Мектеп» баспасының кітап сату және тарату бөлімінің маманы Марзия Түсіпжанқызы Манабова; Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші және термеші Бибажар Маханбетова; Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мұрағаттар және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Алмаз Қайырбекұлы Сартаев; «Алматы әуендерінің» концерттер ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Меруерт Бақытжанқызы Мұхамеджанова; «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері Саттар Қожамбиұлы Ерубаев және Ондасын Иманғалиұлы Бесікбасов; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің профессоры Досбол Сүлейменұлы Байғұнақов; «Алматы әуендерінің» сахна техникалық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Әділ Тұманбекұлы Темержанов; Art Forum of Kazakhstan халықаралық шығармашылық ұйымының сарапшылары, Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатының оқытушылары Гүлнар Ануарбекқызы Қасымова және Дина Тұрлықожақызы Базарова; ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының библиографы Айжан Бектенқызы Илгитаева; «Дәуір» баспасының терім цехының жетекшісі Светлана Қасымқанқызы Мамытқанова; Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің қор сақтау және есепке алу бөлімінің қор сақтаушысы Алмас Сатыбалдыұлы Сейсекенов; Мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі Гүлвира Жұмақанқызы Бейсембаева.
Сонымен қатар министрдің алғыс хаттарымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Кенжегүл Ілиясқызы Жорабаева, театрдың әдеби бөлімінің маманы Ардақ Оразғалиұлы Беркімбаев, «Алматы әуендері» ұйымының AlJazz Symphony эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртіс-аспапшысы Сергей Викторович Голивец марапатталды.
Дереккөз: Zakon.kz