
Алматыда бірнеше көше бір бағытты қозғалысқа ауысуы мүмкін. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диқанбаев РСК-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әкімдік бірқатар көшеде бір бағытты қозғалыс енгізу және қозғалыс схемаларын өзгерту мүмкіндігін қарастырып жатыр.
«Атап айтқанда, өзгерістер «Тастақ» базары маңындағы Брусиловский, Түркебаев, Қарасай батыр, Құлымбетов және Прокофьев көшелерін, сондай-ақ Әуезов — Байзақов, Жуков — Уәлиханов және Радостовец көшелерінің учаскелерін қамтиды. Сондай-ақ мамандар Тимирязев, Жандосов, Манас, Мыңбаев, Береговая, Армянская, Айманов және Пушкин көшелерінде бір бағытты қозғалыс енгізу мүмкіндігін пысықтап жатыр», — деді спикер.
Сонымен қатар Тимирязев көшесінде автобус жолақтарын жолдың ортасынан шетіне ауыстыру жоспарланған.
Дереккөз: Nur.kz