...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Горький саябағындағы 5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Алматыдағы Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының 5 гектарға жуық жері мемлекеттік басқаруға қайтарылады. Әкімдік жалға алушымен жалдау шартын ұзартудан бас тартты, ал сот бұл шешімді заңды деп таныды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл бұрын «ТФК «Алтын-Тараз» ЖШС жалдаған 94 жер учаскесіне қатысты. Компания шартты ұзартудан бас тартуды сотта даулауға тырысқанымен, сот талапты қанағаттандырмады.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, шешімнің негізі — жалға алушының абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салмауы, сондай-ақ аумақты ұзақ уақыт бойы тиісінше күтіп-ұстамауы болған.

Қалалық биліктің дерегінше, саябақтағы инфрақұрылым мен аттракциондардың едәуір бөлігі ескірген, ал қаланың негізгі демалыс аймақтарының бірінің жай-күйі тұрғындардың сынына ұшырап отыр.

Жер қайтарылғаннан кейін саябақты жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда. Ол көгалдандыруды жаңартуды, заманауи демалыс аймақтарын құруды, сондай-ақ туристік және мәдени инфрақұрылымды дамытуды көздейді, — деп атап өтті әкімдікте.

Жалға алушы «ТФК «Алтын-Тараз» компаниясы бұрын саябақ аумағының бір бөлігін жалдау шартымен басқарған.

Дереккөз: Inalmaty.kz