
Алматыда Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда мемлекеттік қызметтің негізгі мәселелері қаралды. Қатысушылар кадр тапшылығы, мемлекеттік сатып алудағы тәуекелдер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жиында мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Отырыс қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы бұзушылықтардың алдын алуға және проблемалық мәселелерді талдау арқылы мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Кеңес мүшелері орталық атқарушы органдарға жіберілетін ұсыныстар әзірледі.
«Біз уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының қызметін тыңдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын аламыз деп күтеміз. Осылайша, біз ұсынымдар береміз, қандай проблемалық мәселелер бар екенін көреміз. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен талқылап, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған ұсыныстар шығарамыз», — деп түсіндірді Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан.
Дереккөз: Almaty.tv