
Синоптиктер Қазақстанда 19-21 мамыр аралығында экстремалды ыстық +35°С-қа дейін, қатты жаңбыр мен бұршақ болатынын хабарлаған еді. Енді 20-22 мамырға арналған нақты болжам жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 20 мамырда ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +25+27°С болады. 21 мамырда түнде және таңертең жаңбыр жауады, жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, температура түнде +10+12°С, күндіз +15+17°С. 22 мамырда түнде +2+4°С, топырақ бетінде -2°С аяз күтіледі, күндіз +15+17°С.
Алматыда 20 мамырда жауын-шашынсыз, түнде +9+11°С, күндіз +21+23°С. 21 мамырда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, екпіні 15-18 м/с, температура түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С. 22 мамырда уақытша жаңбыр, найзағай, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 3-8 м/с, екпіні 15-18 м/с, түнде +13+15°С, күндіз +20+22°С.
Шымкентте 20 мамырда уақытша жаңбыр, найзағай, дауыл, жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С. 21 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай, жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с, түнде +16+18°С, күндіз +25+27°С. 22 мамырда жаңбыр, найзағай, күндіз уақытша қатты жаңбыр, жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С.
Дереккөз: Zakon.kz