
Алматыда өрт сөндірушілер арасында «Өрт сөндірушілер шайқасы» турнирі өтті. 20-дан астам үздік маман толық жауынгерлік киіммен (жалпы салмағы 30 кг) төрт күрделі кезеңнен өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қатысушылар үлкен дөңгелектерді аударып, ауыр жүктерді тасымалдап, арнайы құралдармен жұмыс істеді. Барлық жаттығулар нақты өрт жағдайына барынша жақындатылған.
«Жыл соңына дейін 17 спорт түрі бойынша жарыстар өткізіледі. Өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығы ерекше физикалық дайындықты, төтенше жағдайларда тыныс алу қабілетін қажет етеді. Мұндай жарыстарды біз жүйелі түрде өткіземіз», — деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Дәмір Ермағамбетов.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік уақыт пен техника көрсеткен өрт сөндірушілер кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ведомство басшылығы мұндай турнирлер кәсіби рухты көтеріп, жастар арасында құтқарушы мамандығын танымал ететінін атап өтті.
Дереккөз: Almaty.tv