
Легендарлық хип-хоп орындаушысы Баста Раймс Алматыдағы концертінен кейін Instagram парақшасында бейнежазбалар мен суреттер жариялап, келушілерге алғысын білдірді. Ол өнер көрсеткен залдың толық сатылғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әншінің айтуынша, ол керемет адамдарға риза болып, қайталауға міндетті екенін жеткізді.
Үлкен респект барлық тамаша адамдарға, олар келіп, керемет энергиямен зарядтады! Толық sold out!!! Барлығыңызға махаббат үшін рахмет! Біз мұны қайталауға міндеттіміз және мүмкіндігінше тезірек! – деп жазды музыкант.
Қазақстандықтар бірауыздан әртіс үздік болғанын айтып, оны Қазақстанға қайта-қайта келуге шақырды.
Дереккөз: Zakon.kz