...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі жөндеуге байланысты жабылады

Алматыда Рысқұлбеков көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

17 мамыр күні сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Мустафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер орнатылады. Жүргізушілерден бағдарын алдын ала жоспарлау сұралады.

Еске сала кетейік, жол қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында және әкімдіктің әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Дереккөз: Almaty.tv