...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Жамақаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Алматыда жолдың орташа жөндеуіне байланысты Жамақаев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

16 мамыр сағат 06:00-ден 17 мамыр сағат 18:00-ге дейін Әзербаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралық толығымен жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары кептеліс пен айналма жолдарды болдырмау үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырылады.

Әкімдік барлық жол шектеулері туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, сондай-ақ әкімдіктің әлеуметтік желілері мен 2GIS және Яндекс Карталар сервистерінде жарияланатынын ескертті.

Дереккөз: Nur.kz