
Алматыдағы Республика алаңында Mercedes-Benz G-Class («Гелендваген») маркалы автокөлік өртеніп кетті. Оқиға бүгін, 2026 жылғы 15 мамырда сағат 18:49 шамасында Бостандық ауданындағы Назарбаев даңғылында тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде көлік ашық жалынмен жанған. Құтқарушылар көбікті оқпанын қолданып, өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
«Егер алғашқы минуттарда көлікті өз күшіңізбен сөндіре алмасаңыз, одан қауіпсіз қашықтыққа шегіну керек, себебі жанармай багінің жарылу қаупі жоғары», — деп ескертті ТЖМ өкілдері.
Өрт сөндіру барысында ТЖМ түсірген кадрларда көліктің Mercedes-Benz G-Class екені анық көрінеді.
Дереккөз: Nur.kz