...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ер адам қызды көшеде ұстап, қорлады: полиция күдіктіні ұстады

Алматыда белгісіз ер адам қызды көшеде ұстап, қорлаған. Оқиғаның видеосы Instagram-дағы «almatinec_news» парақшасында жарияланды. Зардап шеккен қыз бейтаныс адамды камераға түсіріп, айналасындағылардың немқұрайлылығына шағымданды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізгенін хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталып, ол полицияға жеткізілді. Тергеу барысында ұсталған адамның Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны белгілі болды.

Дереккөз: Zakon.kz