...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Бекмаханова көшесінің бір бөлігі түнде жабылады

Алматыда Түрксіб ауданындағы Бекмаханова көшесінің бір бөлігінде жол жабынын жөндеуге байланысты түнгі уақытта қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2026 жылы 14 мамыр сағат 23:00-ден 15 мамыр сағат 06:00-ге дейін Бекмаханова көшесінің Лавренев көшесінен Qazaq Energy Charge жанармай құю бекетіне бұрылысқа дейінгі аралығында екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, уақытша шектеу асфальттың шөгуіне байланысты асфальтбетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі.

Жүргізушілерге аталған учаскені айналып өтудің балама бағыттарын алдын ала қарастыру ұсынылады.

Бұған дейін Астанада Әл-Фараби мен Оңғарсынова қиылысы жыл соңына дейін жабылатыны хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz