...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда маңызды жол учаскесі түнге жабылады: 14 мамырдан бастап

Алматыда Бекмаханов көшесінің бір бөлігі 14 мамыр сағат 23:00-ден 15 мамыр 2026 жылғы 06:00-ге дейін екі бағытта да жабылады. Бұл – асфальттың шөгуіне байланысты жол жамылғысын қалпына келтіру үшін қажет, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, жабылатын учаске Лавренева көшесінен «Qazaq Energy Charge» жанармай құю бекетіне бұрылысқа дейінгі аралықты қамтиды.

Қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықты түсіністікпен қабылдап, айналма жолдарды алдын ала жоспарлауға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада 8-25 мамыр 2026 жылы ірі даңғылдардың бірінде жол қозғалысы ішінара шектелетіні хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz