
Алматыда бірқатар ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Олардың ісінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару мен тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тергеу аясында 21 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін көп мөлшердегі қару мен басқа да заттар тәркіленді. Атап айтқанда, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше атыс және травматикалық қару, оның ішінде обрездер мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Бұл автомат қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған.
Дереккөз: Zakon.kz