...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматылық қымыз жобасы Нью-Йоркте алтын алды

Алматылық JAS.BRANDS агенттігінің SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоба алкогольсіз және аз алкогольді сусындардың концептуалды дизайны санатында үздік атанып, әлем бойынша 1500-ден астам өтінімді артта қалдырды. Марапаттау рәсімі 6 мамырда LUXE PACK көрмесі аясында өтті.

SAF Qymyz – дәстүрлі қымыздың заманауи интерпретациясы. Авторлар дәстүрлі кесе пішінінен шабыттанған алюминий банканың минималистік дизайнын қолданған. SAF атауы қазақтың «саф» сөзінен шыққан, яғни «таза» дегенді білдіреді.

DIELINE Awards – бүкіләлемдік орау дизайны саласындағы жетекші сыйлықтардың бірі. SAF Qymyz жеңісі қазақстандық креативті индустрия үшін маңызды оқиғаға айналды және Алматы жобаларының халықаралық деңгейге шығуының тағы бір мысалы болды.

Дереккөз: Almaty.tv