
Алматы тұрғыны Әлия Байтуғаева жаттығудан кейін үйінің жанынан айқайлап, көмек шақырған үйректі байқаған. Ол үйректің соңынан еріп, арықтан қауырсынды төлдерді көрген. Әйел өзі көмектесе алмай, күйеуін шақырған. ChatGPT оларға балапандарды себетке түсіріп, жақын маңдағы су қоймасына апаруды ұсынған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жоспар бойынша бәрі дұрыс болғанымен, балапандардың бірі қашып кетіп, тереңдігі үш метр болатын құдыққа құлаған. Ерлі-зайыптылар арнайы барып трос сатып алған. Күйеуі жіпті байлап, төмен түсіп, балапанды құтқарып алған.
Су қоймасында басқа үйректер «өгей» балапанды қабылдамаған. Сондықтан жұп үйректі үйінде жылытып, тамақтандырған. Ол күш жинаған соң, оған жаңа «ұя» іздей бастаған.
Көмек сұраған хабарламаға Есік қаласының фермері жауап берген. Отбасы құтқарылған үйректі курьер арқылы жіберіп, кейін оның аман-есен жеткені туралы бейнежазба алған.
Пікір білдірушілер бұл оқиғаның жан тебірентерлік екенін айтты.
Сәуір айында алматылық Әлия Байтуғаева қыздарымен тауға шығып, Көк-Жайлауда 2200 метр биіктікте бір күшікке тап болып, оны құтқаруға мәжбүр болған.
Дереккөз: Zakon.kz