...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Almaty Superski: Қазақстандағы алғашқы pet-friendly тау курорты қандай болады

Қоқ-Жайлау үстірті маңында салынатын Almaty Superski тау курорты тек шаңғышылар мен хайкинг әуесқойларын ғана емес, үй жануарларымен келетін қонақтарды да қарсы алуға дайындалып жатыр. Бұл Қазақстандағы үй жануарларына ашық алғашқы курорт болмақ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жобаның басты мақсаты – алматылықтардың тауға отбасымен, балаларымен, достарымен және төрт аяқты серіктерімен келіп, өз сценарийі бойынша демалғанын қалайды. Курорт pet-friendly философиясын жобалау кезеңінің өзінде ескеріп, үй жануарларымен келушілерге ыңғайлы жағдай жасауды көздейді.

Арнайы жаяу және хайкинг маршруттары бойынша иттерді байлауда жүруге рұқсат етіледі. Кейбір көтергіштерде жануарларды қауіпсіз тасымалдауға арналған арнайы көтергіштер орнатылады.

Курорт командасы Іле Алатауының жабайы табиғаты мен үй жануарларының бірге өмір сүруіне ерекше мән береді. Қонақтарға арналған маршруттар жабайы жануарлардың мекенінен бөлініп, курорт аумағындағы мінез-құлық ережелері нақты белгіленіп, навигацияда көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Зоология институтының ғалымдары жобаны барлық кезеңде сүйемелдеп, оның экологиялық құрамдас бөлігін бақылауда ұстайды. Зоологтар курорттың жұмысына тосқауыл қою құқығына ие болады,

деп мәлімдеді Kazakh Tourism Development баспасөз қызметі.

Дереккөз: Nur.kz