...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы полициясы ата-аналарға үндеу жасады: 681 тыйым салынған зат тәркіленді

Алматыда профилактикалық шаралар барысында тұрғындардан жүздеген тыйым салынған заттар тәркіленді. Полиция ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында қалада қауіпті заттарды анықтау және тәркілеу жұмыстары күшейтілгенін мәлімдеді. Заңсыз айналымнан 681 дана пышақ, кастет, дубинка және басқа да қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін бұйымдар алынды.

Өзіңізбен бірге пышақ, кастет және басқа да тыйым салынған заттарды алып жүруге жол берілмейді және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Ерекше назарды кәмелетке толмағандарға аударамыз. Құрметті ата-аналар, балаларыңызда қандай заттар бар екенін бақылаңыз және олардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуына жол бермеңіз, — деді Алматы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Полиция бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Дереккөз: Nur.kz