...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Аналар күніне орай 350-ден астам әйел бас қосты

Алматыда Аналар күніне орай 350-ден астам әйел бас қосқан мерекелік шара өтті. Жылы кездесуді «Ахыска» түрік этномәдени орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қонақтар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белсенділер болды. Қатысушыларға арнап концерттік бағдарлама, естелік сыйлықтар мен мерекелік дастархан дайындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесудің басты мақсаты – аналарды құттықтау ғана емес, олардың отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді және рухани мұраны сақтаудағы ерекше рөлін атап көрсету.

«Биыл Аналар күні бүкіл әлемде 10 мамырда атап өтіледі. Бізде Қазақстанда бұрын қыркүйекте тойласа, қазір барлығы мамырға ауыстырылды. Біз әйелдерді біріктіреміз, осындай әйелдер шараларын жиі өткізуге тырысамыз», – деді «Ахыска әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Фая Агададиева.

«Бұл шара дәстүрлі, жыл сайын 15 жылдан астам уақыт бойы өткізіп келеміз. Формат әрдайым кемінде 300 әйелді жинайды», – деді қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Хусеинова.

Дереккөз: Almaty.tv