
Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектепте жоғары сынып оқушысы мұғалімді ұрып-соқты. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 16 қаңтарда сағат 09:00 шамасында Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушы мен ер адам арасында жанжал шығып, соңғысына дене жарақаты салынған.
Дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған оқушы полицияға жеткізіліп, тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылданады.
Дереккөз: Nur.kz