
Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы мектептердің бірінде болған оқиғаның видеосы тарады. Бейнежазбада мектеп дәлізінде мұғалім мен оқушы сөйлесіп тұрған кезде жасөспірім кенеттен қарсыласын ұрып-соға бастайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Zakon.kz тілшісі құзырлы органдардан түсініктеме сұраған. Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 12 мамырда кәмелетке толмаған адамның ер адамға дене жарақатын салғаны бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.
Дереккөз: Zakon.kz