
Медеу ауданы прокуратурасының мәліметінше, қажетті құжаттарсыз ГРНЗ дубликаттарын жасау туралы хабарландырулар танымал сайтта орналастырылған. Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тінту кезінде құқық қорғау органдары жасырын шеберхананы анықтады. 47 мемлекеттік нөмір белгісі, оларды жасауға арналған жабдықтар мен материалдар тәркіленді.
Күдікті интернет-ресурстар арқылы жалған нөмірлерді жасап, сатқанын мойындады.
Қазір тергеушілер істің барлық мән-жайын және ықтимал қатысушыларды анықтауда. Прокуратура жалған мемлекеттік нөмірлерді жасау және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Бұған дейін Алматыда полиция визитінен кейін түнгі мекеме жабылған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz