
12-15 мамыр 2026 жылы Алматының төрт ауданында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде күн сайын таңғы сағат 4:00-ден 7:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайлар болуы мүмкін: жер бетіне су шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы. Мұндай жағдайда ешқандай әрекет жасамаңыз, дереу оқиға орнын тастап, «Алматы жылу желілері» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарлаңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 нөмірі.
Сынақ кестесі: 12 мамыр — Алмалы және Бостандық аудандары: Назарбаев – Сәтбаев – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені. 13 мамыр — Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, 2, 3, 4 шағын аудандары, «Көкмайса» шағын ауданы, Ангар – Мақатаев – Палладин – Павлодар көшелерінің квадраты; Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек – Масанчи. 13-14 мамыр — Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Садвақасов. 15 мамыр — Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.
Аталған аумақтардағы тұтынушыларға ыстық су толық сақталады. Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің жай-күйін тексеру, проблемалық учаскелерді анықтау және қаланы жаңа жылыту маусымына дайындау мақсатында жүргізіледі.
Дереккөз: Almaty.tv