...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер: 305 сатушы, мыңнан астам өнім түрі

Алматы әкімдігі тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күнгі жәрмеңкелер өткізеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкелерге Алматы қаласы мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан өндірушілер қатысады. Барлығы 305 жалға алушы тартылған, оның ішінде Алматы қаласынан – 50, Талғар ауданынан – 50, Іле ауданынан – 60, Қарасай ауданынан – 60, Жамбыл ауданынан – 30, Еңбекшіқазақ ауданынан – 30, Ұйғыр ауданынан – 10, Шығыс Қазақстан облысынан – 15.

Ассортиментте 1000-нан астам азық-түлік тауарлары бар: ет, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс, сүт өнімдері, шұжық, бал және басқа да тауарлар.

Қазіргі уақытта жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша өтеді:

  • Бостандық ауданы: Қазақфильм шағынауданы;
  • Әуезов ауданы: Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
  • Медеу ауданы: Мендіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;
  • Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы.

Сонымен қатар, 9-10 мамырда Жеңіс күнін мерекелеу кезеңінде ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің жаңа нүктелері қосымша ұйымдастырылады:

  • Жетісу ауданы: Күләгер шағынауданы, ХҚКО алдындағы автотұрақ;
  • Наурызбай ауданы: Шұғыла шағынауданы, ХҚКО алдындағы автотұрақ.

Дереккөз: Almaty.tv