...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда үш түрлі күрестен Қазақстан Кубогы өтеді

12-17 мамыр аралығында Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Кубогы өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа еліміздің әр өңірінен 800-ден астам балуан қатысады. Сондай-ақ, халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар да кілемге шығады.

Кубок қорытындысы бойынша алдағы ірі халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құраманың сапы анықталады.

Алдымен грек-рим күресінің өкілдері жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Одан кейін әйелдер күресінің спортшылары бақ сынаса, ал турнирді еркін күрес сайыстары қорытындылайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz