...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Альпинистке 4 мың метр биіктікте жіті тау ауруы мен өкпе ісінуі диагнозы қойылды

Алматыдағы Панфиловшылар шыңына (4120 м) жаппай альпиниада кезінде 2008 жылы туған қатысушыға 4 мың метр биіктікте жіті тау ауруы мен өкпе ісінуі диагнозы қойылды. Құтқарушылар оны тікұшақпен эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, оны Мәншүк Мәметова атындағы №6 мореналық көл ауданына түсірді.

«Құтқару операциясын жалғастыру үшін ТЖМ «Барыс» РҚҚ құтқарушылары мен ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Зардап шегуші «Медеу» тікұшақ алаңына жеткізілді», — делінген хабарламада.

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері оны №12 ҚҚА-ға тексеру мен емдеуге жеткізді. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, есі анық.

Дереккөз: Nur.kz