...
... Алматы
USD
EUR
RUB

8-10 мамырда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Қазақстанның үш ірі қаласында 8-10 мамыр аралығында ауа райы құбылмалы болады: кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілсе, екінші жақта күн ашық әрі ыстық болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана
8 мамыр: ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С. Ауа айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с.
9 мамыр: түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С. Ауа айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 мамыр: түнде +8+10°С, күндіз +10+12°С. Ауа айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.

Алматы
8 мамыр: түнде +15+17°С, күндіз +31+33°С. Ауа айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с.
9 мамыр: түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С. Ауа айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с.
10 мамыр: түнде +17+19°С, күндіз +20+22°С. Ауа айнымалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с.

Шымкент
8 мамыр: түнде +17+19°С, күндіз +33+35°С. Ауа айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с.
9 мамыр: түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С. Ауа айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 мамыр: түнде +18+20°С, күндіз +20+22°С. Ауа айнымалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с.

Дереккөз: Zakon.kz