...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. Шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, әскери бөлімдер, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ту көтеру дәстүр бойынша әскери-үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұран орындалды.

Мерекелік шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерттік бағдарламамен жалғасты. Бағдарлама Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің сүйемелдеуіндегі «Ұлы елім» әнімен ашылды. Сахнада отандық эстрада жұлдыздары патриоттық әндерді орындады.

Сондай-ақ қазақ жауынгерлері туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар көрсетілді.

Дереккөз: Zakon.kz