
Алматыдағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, ішінде қалған ер адамды құтқарушылар алып шықты. Оқиға Алатау ауданы, Бөкеев көшесінде болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер түтінге толы үйден 1966 жылы туған ер адамды эвакуациялаған. Оқиға орнына келген ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген.
Зардап шеккен адамның жағдайы тұрақтанды, ол ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады ведомство.
ТЖМ дерегінше, үй ішіндегі заттар мен жиһаздың жануы 5 шаршы метр аумақта сөндірілген.
Дереккөз: Nur.kz