...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Сеулдан Цюрихке ұшқан ұшақ Алматыға авариялық қонды

Сеулдан Цюрихке бет алған SWISS әуекомпаниясының Airbus A350-941 ұшағы Қазақстан аспанында авариялық сигнал беріп, Алматыға шұғыл қонды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Flightradar24 деректеріне сәйкес, 6 мамыр 2026 жылы ұшақ 7700 халықаралық авариялық кодын жіберген. Бұл код бортында төтенше жағдай туындағанын білдіреді.

SWISS — Швейцарияның ірі әуекомпаниясы, ол Еуропа, Америка, Африка және Азияға рейстер орындайды.

NUR.KZ редакциясы Азаматтық авиация комитеті мен Көлік министрлігінен түсініктеме сұраған, бірақ жарияланым кезінде жауап алынбаған.

Дереккөз: Nur.kz