
6 мамыр 2026 жылы Алматы және тағы 5 қалада ауа сапасының нашарлауы күтіледі. Синоптиктер тұрғындарды ашық ауада ұзақ болмауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) – бұл атмосфераның жер бетіне жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) тіркесімі.
Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртта жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру керек.
Қазақстанның қай өңірлерінде 6 мамыр 2026 жылы дауылды ескерту жарияланғанын толығырақ сілтемеден біле аласыз.
Дереккөз: Zakon.kz