...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда заңсыз салынған автосервис бұзылды: сот шешімі орындалды

Алматыда Алғабас шағын ауданы, Бесінші белес көшесінде орналасқан заңсыз салынған автосервис бұзылды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ мәліметінше, нысан иесі сот шешімінен кейін ғимаратты өз күшімен бұзған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасының ақпаратынша, автосервис рұқсат құжаттарынсыз салынған. Жоспардан тыс тексеру кезінде бұл анықталып, иесіне әкімшілік шара қолданылып, бұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.

«Жоспардан тыс тексеру барысында құрылыс рұқсат құжаттарынсыз жүргізілгені анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді», — деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Нұсқама талаптары орындалмаған соң, басқарма Алматының Алатау аудандық сотына талап-арыз берген. 2025 жылғы 29 мамырда аудандық сот талапты қанағаттандырып, Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Сот шешімін орындау үшін нысан иесі ғимаратты кеше өз күшімен бұзған.

Дереккөз: Nur.kz