
Алматыда Алғабас шағын ауданы, Бесінші белес көшесінде орналасқан автосервис бұзылды. Бұл туралы 5 мамыр 2026 жылы қалалық Қала құрылысы бақылау басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма Алатау аудандық сотына талап-арыз берді. Нәтижесінде меншік иесі нысанды кеше өз еркімен бұзды.
4 мамыр 2026 жылы Алматыда Сейфуллин даңғылындағы шағын дүкеннің демонтажы аяқталды.
Дереккөз: Zakon.kz