
Халықаралық Алматы әуежайы терминал шатырының су астында қалу оқиғасынан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. ҚР Көлік министрлігінің басшылығы әуежай әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен болған оқиға бойынша шұғыл кеңес өткізді.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстанның азаматтық авиация комитеті әуежайды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ әуежай басшысы техникалық мәселелер жөніндегі аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданды.
Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, анықталған кемшіліктерді жою шараларын күшейтетінін хабарлады. Қазіргі уақытта қажетті жұмыстар жүргізілуде, оны алты ай ішінде аяқтау жоспарланған.
Дереккөз: Inalmaty.kz