...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда шомылу маусымы 1 маусымда басталады: рұқсат етілген 4 орын анықталды

Алматыда шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталады. Қалада ыстықтан құтқаратын төрт орын белгіленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Рұқсат етілген орындар тізіміне Сайран көлінің батыс және шығыс бөліктері, «Гүлдер» демалыс аймағы, Бауыржан Момышұлы тоғайының жағалау аймағы кірді.

Құтқарушылар Алматыдағы қауіпті су айдындарын да атады. Қала мен тау бөктерінде 44 су нысаны бар. Олардың қатарында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің учаскелері, Шаңырақ, Дархан, Қарасу, Кемел шағынаудандарындағы тоғандар мен көлдер, сондай-ақ Юннатское және Аэропортовское көлдері бар.

Осы су нысандарының жетісіне бейнебақылау камералары орнатылған. Құтқарушылар олар арқылы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылайды. Қосымша қауіпсіздікті су нысандарын патрульдейтін мобильді топтар қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ құтқарушылар аулада балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретті.

Дереккөз: Zakon.kz