
Алматыда Мақатаев пен Панфилов көшелерінің қиылысында, оңтүстік астананың орталығында ағаш құлады. Бұл туралы фотосуреттерді Telegram-арнасында kris_p_almaty_official жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, құлаған ағаш – қарағаш (вяз). Оның сыртқы белгілерінде апаттық белгілер (құрғақ басы, діңінде жарықтар, қуыстар, айқын еңіс және шірік) байқалмаған. Қарап тексеру нәтижесінде ағаштың тамыр мойны аймағында сынғаны анықталды.
Құлау себебі – қолайсыз ауа райы жағдайлары, оның ішінде топырақтың шамадан тыс ылғалдануы, бұл тамыр жүйесінің тұрақтылығын төмендеткен, — деп мәлімдеді әкімдікте.
Қазіргі уақытта мердігер ұйымның күшімен ағашты кесу және шығару жұмыстары жүргізіліп, жол бөлігі тазартылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
Дереккөз: Nur.kz