...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайында 11 келі гашиш майы тәркіленді

Алматыда полиция және шекара қызметі қызметкерлері ірі көлемдегі есірткіні әкелу әрекетіне жол бермеді, жолаушыдан 11 келіге жуық гашиш майы алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Халықаралық Алматы әуежайында полиция мен ҰҚК шекара қызметінің бірлескен іс-шаралары кезінде есірткі құралдарын контрабандалық жолмен әкелу әрекетінің жолы кесілді. Ведомство мәліметінше, Бангкок – Алматы рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматы ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан жалпы салмағы 11 келіге жуық 12 пластик ыдыс гашиш майы табылып, тәркіленді.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Санкция мүлкін тәркілей отырып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, жыл басынан бері елімізде есірткіні контрабандалық жолмен әкелудің 57 әрекетінің жолы кесілген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Дереккөз: Inalmaty.kz