
Астанада тағы бір көшеде жол жөндеу жұмыстары басталады. Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты 2026 жылғы 2 мамырдан 9 мамырға дейін аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Көлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Астана тұрғындарын осы өзгерістерді түсіністікпен қабылдап, қала бойынша жүргенде алдын ала ескеруге шақырамыз», — делінген басқарма хабарламасында.
Дереккөз: Nur.kz